Skip to content

«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы» тақырыбында сынып сағаты өткізу туралы

08.04.2026ж мектебімізде  «Адал азамат» біртұтас
тәрбие бағдарламасына сәйкес 11-сынып оқушыларына «Білім – мемлекеттік
саясаттың  басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған
басымдықтар»  тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Сынып сағатының мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының
мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және
азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру. Қатысқан оқушы саны – 50. Мұғалім саны – 2