Skip to content

13.04.26ж. «Мамандық таңдау – маңызды шешім» тақырыбында 9–11 сынып оқушыларына сынып сағаты өткізілді

Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай бағыт-бағдар беру болды.
Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі мамандықтар әлемімен танысып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, өздерінің бейімділіктерін анықтауға арналған тапсырмалар орындап, пікір алмасты.
Оқушыларға мамандық таңдауда жауапкершілікпен қарау, өз мақсаттарын айқындау және болашаққа сенімді қадам жасау керектігі түсіндірілді.  Қатысқан оқушы саны- 207, педагог-8