Skip to content

«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына»: ата-аналарға арналған педагогикалық сабақ өтті

16.04.2026ж. 5–9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған
“Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына”,
“Құндылықтар – отбасы бақытының негізі” тақырыптарында педагогикалық сабақ өтті. Мақсаты – отбасы құндылықтарының маңызын түсіндіру, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру және жанұядағы өзара сыйластық пен сенімді нығайту. Отбасындағы тәрбиенің негізгі бағыттары, ұлттық және рухани құндылықтардың бала дамуына әсері талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, тәрбиедегі маңызды қағидаларды бірге саралады. Қатысқан ата-ана саны- 35