📌 Тақырыбы: «Кімнен қандай ақыл-кеңес және көмек сұрауға болады?»
📅 Өткізілген күні: 30.09.2025 ж.
🔹 Іс-шараның мақсаты – оқушыларға өмірде туындайтын түрлі жағдайларда дұрыс бағыт-бағдар алу, сенімді адамдардан көмек сұраудың маңыздылығын түсіндіру.
💬 Шара барысында оқушылар:
Өз ойларымен еркін бөлісті;
Жағдайлық сұрақтар арқылы шынайы өмірмен байланыс орнатты;
Психологтардың кәсіби кеңестерін тыңдады.
👩🏫 Дөңгелек үстелге лицей психологтары
Баймуратова Баян және Серикбаева Айгүл қатысып, оқушыларға құнды ақпараттар мен пайдалы кеңестер ұсынды.
🤝 Психикалық саулық – басты байлық.
Көмек сұрау – әлсіздік емес, керісінше, саналы шешім!