Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру және ел тарихындағы маңызды орын алатын Байқоңыр ғарыш айлағы туралы мәліметтермен таныстыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин туралы қызықты деректермен танысып, ғарышқа жасалған алғашқы қадамдар жайлы бейнематериалдар көрді. Сонымен қатар, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтар туралы мағлұматтар берілді.
Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Қатысқан оқушы саны- 1174, педагог-47


