Шараға Маңғыстау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Азаматов Жанболат Азаматұлы және Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының маманы Сәрсенбиев Серікхан Абуханұлы қатысты. Кездесу барысында оқушыларға экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни радикализмнің зияны, құқық бұзушылықтың салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мамандар нақты мысалдар келтіріп, жастарды заң талаптарын сақтауға, ел тыныштығын қорғауға және жауапкершілікті азамат болуға шақырды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толық әрі нақты жауаптар алды. Кездесу мазмұнды әрі тағылымды өтіп, жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді. Қатысқан оқушы саны – 75, Мұғалім – 3.