Ақпарламасы: 10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулықты сақтау күніне арналған онкүндік аясында, мектебімізде 6-сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг өтті.
🔹 Тақырыбы: “Эмоционалдық даму”
Тренингтің мақсаты – оқушылардың өз эмоцияларын дұрыс танып, оларды басқару дағдыларын дамыту, өзара түсіністік пен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.
✨ Шара барысында:
✔️ Эмоцияны тану жаттығулары
✔️ Топтық жұмыс пен рефлексия
✔️ Жағымды эмоционалды орта қалыптастыру
✔️ Бір-бірін қолдау, тыңдай білу мәдениеті
Балалар белсенді қатысып, үлкен қызығушылық танытты. Психикалық денсаулық – әр баланың табысты дамуының кепілі!