10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулықты сақтау күніне арналған онкүндік аясында, мектебімізде 7 «А» сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг өтті.
Мақсаты:
Оқушылардың өзін-өзі бағалауын арттыру, сенімділік дағдыларын дамыту және жеке тұлғалық өсуге мотивация беру.
Тренингте: Өзін тану мен бағалау жаттығулары
Сенімділікке бағытталған ойындар
Рефлексия мен пікір алмасу
🔔 Оқушылар белсенділік танытып, өз-өзін бағалау мен сенімді әрекет етудің маңызын түсінді.
Психикалық саулық – табысты болашақтың кепілі!