Skip to content

Адал азамат

Қаңтар айының  28 күні «Т.Әшімбаев атындағы №11 лицей» КММ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Заң және тәртіп” айы бойынша “Маңғыстау облысы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының” өкілдері Утаргулов А.Б мен Майланова А.А. қатысуымен 10 сыныптармен кездесу өткізілді.  Кездесудің мақсаты – оқушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және жастар арасында жауапты мінез-құлықты насихаттау. Ашық форматта өткен кездесу оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырып, өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді. Оқушы саны – 50, мұғалім -3.