Skip to content

«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Заң және тәртіп» жобасы бойынша 9–10 сынып оқушыларымен кездесу 

 

Ақпарламасы:
 Аталған жиналысқа Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Ахботин Хамит Нұржанұлы, мектеп инспекторы Мухамеджанов Ерлан  қатысып, тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесудің тақырыбы — «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, буллинг пен вандализмнің алдын алу».
Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық сауаттылық, заң талаптарын сақтау, өзара сыйластық пен жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысқан оқушы саны – 138, Мұғалім саны – 7