17.04.2026ж. 1-4 сынып оқушыларының ата аналарымен “Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер” тақырыбында педегогикалық қолдау сабағы өтті. Шараның басты мақсаты – бала тәрбиесінде ата-ананың үлгісін көрсету, отбасы құндылықтарын дәріптеу.
Сабақ барысында аналарымыз өз қолдарымен ұлттық ою ойып, оның мән-мағынасын түсіндірді. Сонымен қатар, киіз үйдің шаңырағының маңыздылығы туралы айтып, оны отбасының бірлігі мен берекесінің символы ретінде таныстырды.
Қатысушылар өз жұмыстарын қорғап, ойларымен бөлісті. Мұндай шаралар ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға үлкен үлес қосады. Қатысқан ата-ана саны- 27, педагог-7