Skip to content

«Балалар кітапханасы»

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының өнегелі өмірі мен тағылымды тұлғасын танытатын
Б. Жайлаудың «Әбіш Кекілбайұлы кім?» кітабы бойынша
12–13 жастағы балалар арасында ұйымдастырылған
«Артық білім – кітапта» атты кітап оқу сайысында
7-сынып оқушысы Жеткізген Гүлназ
«Бас жүлдені» иеленді.
Жетекшісі: Нұрланқызы Шаттық.
Жеткізген Гүлназды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да білімге деген құштарлығы артып, кітаппен дос болып, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз. Жетекшісіне шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі үшін алғыс білдіреміз.
Жеңістеріңіз көп, жолдарыңыз әрдайым ашық болсын!