Skip to content

Даналық мектебі аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Қазақ Аруы» атты тәрбиелік мәні зор байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Бұл шараның басты мақсаты – қыз балалардың бойындағы инабаттылықты, көркем мінезді, өнер мен білімге деген құштарлықты насихаттау, сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Байқауға мектептің өнерлі де білімді арулары қатысып, бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Қатысушылар «Таныстыру» бөлімінде өздерін ерекше қырынан таныстырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде ән айтып, би билеп, күй орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ал «Салт-дәстүр – асыл қазына» бөлімінде қазақтың әдет-ғұрыптары мен ұлттық тәрбиесі жайында тағылымды ойларымен бөлісті.
Сайыс барысында қыздардың тапқырлығы, шешендігі, сахна мәдениеті мен ұлттық киім үлгісін ұсынуы әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Әсіресе, олардың қазақы нақыштағы киімдері мен ибалы жүріс-тұрысы кештің көркін аша түсті.
Кеш соңында барлық қатысушылар алғыс хаттармен және арнайы номинациялармен марапатталды. «Қазақ Аруы» байқауы жас арулардың бойындағы ұлттық рухты көтеріп, олардың жан-жақты дамуына үлкен серпін берді. Көрермендер саны-43, қатысушы -4, педагог-16