Аталған іс-шара ұзақ жылдар бойы мектебіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып, ұжымға бағыт-бағдар берген, білікті басшы — мектебіміздің директоры Қалиева Светлана Ақмұратқызының құрметті еңбек жолын аяқтап, лайықты зейнет демалысына шығуына арналды.
Шара барысында Светлана Ақмұратқызының саналы ғұмыры мен жемісті еңбегі, білім саласындағы табанды қызметі, жас ұрпақ тәрбиелеудегі үлесі зор құрметпен аталып өтті. Ұстаздың адамгершілік келбеті мен кәсіби шеберлігі әріптестер мен шәкірттерге әрдайым үлгі болды.
Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Жүсіп Бекзат Бақбергенұлы, Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Утесбаева Айбаршын Қуанышқалиқызы, Ақтау қалалық кәсіподақ төрағасы Еңсегенова Күнзира Құсбекқызы , лицей қамқоршылық кеңесінің төрағасы Айдарханов Рустемабад Тергеуұлы және қала мектептерінің басшылары қатысып, ізгі тілектерін білдіріп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Бұл тағылымды кездесу — адал еңбек пен өнегелі жолдың жарқын көрінісі болды. Қатысқан мұғалім саны-67. Келген қонақтар саны -21.