Skip to content

«Қамқор» жобасы және «Таза Қазақстан» бастамасы аясында мектебімізде Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша бөлімінің бас маманы Тоқтамысова Нұргүл Бахтиярқызымен кездесу өтті

Кездесудің мақсаты:
Оқушыларға су ресурстарын қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу, су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру.
Кездесу барысында маман су ресурстарын тиімді пайдалану, су көздерін ластанудан сақтау, аймақтағы су қорының ерекшеліктері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушылар табиғатты қорғау бағытындағы заңнамалармен танысып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Шара оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталды. Қатысқан оқушы саны-112, мұғалім- 12, қонақ-2