Skip to content

“Кәсіби өсу: бір мақсат, бір даму” жобасы

2025 жылғы 10 қазанда Т. Әшімбаев атындағы №11 лицей базасында “Білім сапасы: тәжірибе, технология, инновация” тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына “Кәсіби өсу: бір мақсат, бір даму” жобасы аясында жұмыс істейтін мектептердің директор орынбасарлары, әдіскерлері және пән мұғалімдері қатысты.Іс-шараны жоба жетекшісі Тұржанова Балзия Саудабаевна ашып, қатысушыларға арналған сергіту сәтін ұйымдастырып, семинардың мақсат-міндеттерімен таныстырды. Одан әрі практикалық сабақтар ұсынылып, қатысушылармен тәжірибе алмасу жүзеге асты.

Семинар барысында жобаға қатысушы мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі тарапынан бұған дейін республикалық “Тағылым” журналында жарық көрген мақалалар ескеріліп, журналдың арнайы сандары табысталды. Мақала авторлары құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Жоба жетекшісі Балзия Саудабаевна білім сапасын арттыру жолындағы кәсіби ізденістер мен шығармашылық жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, педагогтардың еңбегіне сәттілік тіледі.

Іс-шара мазмұнды тәжірибе алмасу алаңына айналып, қатысушылар үшін кәсіби дамуға серпін берді.