Skip to content

Кәсіптік бағдар беру арқылы жас ұрпақты өзіне ұнаған мамандықты таңдап алуға бағыттау, дайындау

“Асмет-Ұлас” жоғары педагогикалық колледжінде кәсіптік бағдар беру жалғасын табуда.
Бүгін, яғни 14.04.2026 ж. күні Ақтау қаласының жалпы білім беретін “Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей” 9-сынып бітіруші түлектерімен “Ашық есік ” күні өткізілді. Колледжде оқытылатын мамандықтар туралы, колледж қабырғасындағы студенттердің өмірі туралы презентация көрсетіліп, кеңінен түсінік берілді және шеберханаларда мастер класстар өткізілді.
Сонымен қатар оқушылардың қойған сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.