Skip to content

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Тұтқабай Әшімбаев атындағы № 11 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Мекен – жайы: 9-шағын аудан, 27-ғимарат, 8/7292/42-16-56,
эл.пошта: sfmsh11@mail.ru) 2025-2026 оқу жылына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 96 бірлескен бұйрығын негізге ала отырып, бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды.
Ескерту: Ақы төлеу мөлшері орташа көрсеткішпен көрсетілген. Жалақы есептеуде еңбек өтілі, білім деңгейі, санаты ескеріледі. Конкурсқа қатысатын педагогтер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 338 бұйрығында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде төмендегі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
• Осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өтініш;
• Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
• Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
• білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
• Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі ;
• «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
• Психикалық, мінез-құлықтық бұзушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
• Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
• Сертификаттаудан өткені туралы сертификат (бар болса);
• Түйіндеме
• Біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік
Құжаттарды қабылдау осы хабарландыру жарияланған күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде (18.08 – 26.08.2025ж.) электронды пошта немесе қағаз түрінде мектептің қабылдау бөлмесінде қабылданады.