Бұл айтулы жеңіс — жас таланттардың еңбегі мен команда жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тарғынов Есеней Арғынұлының кәсіби шеберлігі мен қажырлы дайындығының жарқын жемісі.
«Өнер айдынында қанаттарың талмай, бұдан да биік белестерді бағындыра беріңдер! Жүздеріңнен күлкі, көңілдеріңнен шабыт үзілмей, әрқашан жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінулеріңе тілектеспіз!»