Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға дұрыс және бұрыс әрекеттерді ажырата білуге үйрету, күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру, сондай-ақ олардың өзін-өзі бақылау, жауапкершілік және мәдени мінез-құлық дағдыларын дамыту болып табылады.
Сабақ барысында оқушылар түрлі жағдайларға байланысты тапсырмалар орындап, қандай әрекеттердің дұрыс, ал қайсысының бұрыс екенін талқылады. Әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын элементтері және көрнекі мысалдар қолданылды. Балалар өз ойларын еркін жеткізіп, нақты өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдаудың маңызын түсінді
Қатысқан оқушы саны- 102 , мұғалім-10