“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан “Таза Маңғыстау” 45 күндік челленджінің 4-күніне орай мектебімізде “Ақтау қаласын Қазақстан Республикасы аумағындағы ең таза қала қылу механизмі” тақырыбында оқушылар арасында пікірсайыс (дебат) ұйымдастырылды.
Іс-шараға белсенді оқушылар қатысып, өз ойларын еркін білдіріп, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарын жан-жақты талқылады. Командалар Ақтау қаласындағы тазалық сақтау, қалдықтарды сұрыптау, жасыл аймақтарды көбейту, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру сияқты маңызды мәселелер бойынша өз көзқарастарын ортаға салды.
