Қазақстан Республикасында азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған экологиялық бастамаларды белсенді түрде ілгерілетуде. Осы бағыттағы ең ауқымды бағдарламалардың бірі Мемлекет басшысының бастауымен “Таза Қазақстан” акциясы болды. Бұл бастама қазірдің өзінде қоғамның барлық саласында , соның ішінде мектеп пен балабақша, қоғамдық ұйымдардың және таза табиғатты болашаққа ұмтылатын еріктілердің назарын аударды.
“Таза Қазақстан” акциясы аясында үстіміздегі жылдың 13-14 тамыз күндері “Тұтқабай Әшімбаев атындағы N11 лицей” КММ мұғалімдері мен техникалық қызметкерлері бірге ұйымдастырған шара өтті. Лицей ауласын толық тазалап және ағаштарды кесіп, аумақты абаттандыруға үлкен үлестерін қосты. Тазалық шарасына қатысқан қызметкерлер мен ерікті мұғалімдер үшін таза және қауіпсіз кеңістік құру мақсатымен ынта — жігерлі түрде өтті.Бұл қарапайым, бірақ маңызды әрекеттер табиғатқа қамқорлық пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетуге бағытталған жұмыс болды.




