Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаңа ауқымды әлеуметтік-экологиялық жоба – «Таза Маңғыстау» 45 күндік челленджі басталды. Бұл челлендж 13 қазан мен 26 қараша аралығында жүргізіледі. Аталған акцияға Ақтау қаласы “Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей “КММ барлық қызметкерлері мен оқушылары атсалысуға бел буды. Бүгін мектеп қызметкерлері мектеп ауласын қоқыстардан тазартты. Іс-шара аясында сенбіліктерден басқа, ағаш отырғызу, мектеп аумағын көгалдандыру, пластик және қағаз қалдықтарын бөлек жинау сынды жұмыстар жоспарлануда. Сонымен қатар, экологиялық тақырыптағы сынып сағаттары, сурет және эссе байқаулары, ақпараттық стендтер мен флешмобтар өткізіледі.
Бұл челлендж оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Лицей ұжымы мен оқушылары бұл бастаманы зор ықыласпен қабылдап, «Таза Қазақстан» идеясының жүзеге асуына өз үлестерін қосуға ниетті.