Skip to content

“Тілдер күніне” орай мерекелік шара

«Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей» КММ Тәуелсіздік және Отаншылдық құндылығы аясында “Тілдер күніне” орай мерекелік шаралар өтті! Осы атаулы күн аясында бастауыш сыныпта мазмұнды ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар тілдің құдіреті мен маңызын терең түсініп, өз ойларын еркін жеткізе білді. Сондай-ақ, 8-сыныптар арасында «Әдеби ұлт қазынасы» тақырыбында зияткерлік сайыс ұйымдастырып, оқушылардың әдеби білімін, ой ұшқырлығын және тапқырлығын сынады. Ал 7-сыныптар арасында өткізілген полиглоттық сайыс қатысушыларының бірнеше тілді меңгеру қабілетін, тілге деген сүйіспеншілігін айқындады. Бұл шаралар оқушылардың тілге деген құрметін арттырып, туған тілді сүюге, өзге тілдерді құрметтеуге бағытталды. Қатысқан оқушы-175, мұғалім- 28