Мектебімізде 10 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы өз жалауын көтерді. Апталықтың ашылу салтанаты «Жаса, қазақ тілі – Мәңгілік елдің үні» тақырыбында өтті.
Шара барысында ұстаздар мемлекеттік тілдің мәртебесін дәріптеп, тілдің құдіреті мен қасиеті жайында әсерлі ойларымен бөлісті. «Ұяшықтар арқылы сұраққа жауап беру» қызықты танымдық ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өз білімдерін сынады. Әр ұяшықтың артында жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы тапқырлықтары мен білімділіктерін көрсетті.
Апталықтың басты мақсаты:
• Қазақ тілінің заманауи қоғамдағы орнын дәріптеу;
• Тіл арқылы ұлттық сана мен рухани құндылықтарды дәріптеу;
• Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру
__________________________
Қазақ тілі – елдің жаны, рухтың тұғыры!
Жаса, туған тілім – Мәңгілік елдің үні!